Асық ойнаған азбайды

Петропавл қаласында асық атудан ел біріншілігі басталды. Бұл жарысқа Қызылорда, Орал, Шымкент, Астана, Көкшетау және Петропавл қалаларынан 42 спортшы қатысуда. Біздің өңіріміздің намысын алты жасөспірім қорғауда.

Турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде жас спортшыларды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин құттықтады.

– Бүгінгі күні ұлттық спорт түрлерімен айналысатындардың қатары қалыңдап келеді. Бұл сайыс – соның бір дәлелі. Асық ату сайысын өткізудегі негізгі мақсат – ұлттық спорт түрін қайта жаңғырту және дамыту, сондай-ақ, тұрғындардың, әсіресе, балалардың осы спорт түріне деген қызығушылығын арттыру. Асық секілді құндылықтарымыздың астарында біздің тарихымыз жатыр, – деген Руслан Бақыттыұлы спортшыларға сәттілік тіледі.

Жарыстың бас төрешісі Ақжан Сұрағановтың айтуынша, үш күнге созылатын сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен және кубоктармен марапатталатын болады.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика