ТЕҢ ОЙЫН

Футболдан ел біріншілігінің алтыншы турында “Қызылжар” футбол командасы өз алаңында “Атырауды” қабылдады.

Бұл жолғы қарсыласымыз турнир кестесінде көш соңында келе жатқан команда еді. Қос команда бұған дейін 21 рет кездескен екен. Сол ойындардың нәтижесінде жерлестеріміз 17 рет мергендік танытса, 24 рет қақпасына доп өткізген. 2007 жылы қызылжарлықтар 2:0 есебімен жеңіске жетсе, 2009 жылы 1:4 есебімен ұтылған.

Кездесудің 24-минутында қызылжарлық Шота Григалашвили 11 метрлік айып добын дәл орындап, есеп ашты. Ал ойынның екінші бөлігінде қонақтар шабуылды үдетіп, ол өз жемісін берді. Ойынның 76-минутында “Атырау” сапындағы Орал футболының түлегі Эльдар Әбдірахманов есепті теңестірді. Алаң иелері қанша тырысқанымен, таблодағы есеп өзгеріссіз қалды.

Кеше, 25 сəуір күні өткен жетінші тур ойынында “Қызылжар” өз алаңында турнир кестесінде көш бастап келе жатқан “Астананы” қабылдады.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика