ДӘСТҮРЛІ САЙЫС

Петропавл қаласының балалар үйінде “Қызылжар – 2018" аймақтық спорт фестивалі өтті. Облыстық білім басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған кезекті шараға өз оқушыларымызбен қатар, Рудный, Есіл және Алға балалар үйлерінің тәрбиеленушілері де қатысты.

Биылғы жарыс “Рухани жаңғыру” бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізіліп отыр. Саламатты өмір салтын насихаттап, жастарымыздың жігерлі, мықты, спортқа бейім болып өсуі үшін мекемемізде жан-жақты тәлім-тәрбие берілуде. Қуантарлығы, дәстүрлі жарысқа қатысушылар саны жылдан-жылға артып келеді.

Бұл мерекеге балалар үйінің қызметкерлері де, балалар да аса үлкен жауапкершілікпен дайындалды. Қонақтар үшін А. Винокуров атындағы спорт сарайы, боулинг кешені, Абылай хан резиденциясы сияқты көрікті жерлерге экскурсиялар ұйымдастырылды.

Фестивальдың ашылу салтанатында балалар үйінің директоры Ризабек Кәкпенов қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. Қаламыздың белгілі өнер жұлдыздары фестивальға ерекше сән берді. Екі күнге созылған сайыста балалар бильярд, баскетбол, теннистен бақтарын сынады. Петропавл қаласы балалар үйінің командасы баскетболдан бірінші, үстел теннисінен екінші, бильярдтан үшінші орынды, ал Рудный балалар үйінің командасы теннис пен бильярдтан бірінші, баскетболдан екінші орынды иеленді. Есіл командасы бильярдтан екінші, Алға командасы баскетбол мен теннистен үшінші орын алды. Сайыстың жабылу салтанатында жеңімпаздар мен үздік ойыншылар марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды.

Бильярд пен боулингтан жарысқа түсу үшін “Олимп” және “Кристалл”, “№1 Боулинг” ойын-сауық орталықтары өз алаңдарын ұсынғанын да айтып өткіміз келеді. Демеушілік көрсеткендердің қатарында “ТитанСевер” ЖШС-і, “Сұлтан кондитерлік өнімдері” АҚ-ы да болды. Қонақтарға ән мен күйден шашу шашқан облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының өнерпаздарына да ризашылығымыз шексіз.

Мұндай шаралар жастардың спорттық қабілеттерін шыңдауға ғана емес, өзара тіл табысып, дос табуларына да жағдай жасайды.

Татьяна СЕРГЕЕВА,

“Петропавл қаласының балалар үйі” КММ-нің сыныптан және мектептен тыс тәрбие беру жұмыстарының ұйымдастырушысы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика