ФУТБОЛШЫЛАР ЖЕҢІСІ

Петропавлдық “Юниор” футбол мектебінің тәрбиеленушілері халықаралық турнирден жүлделі оралды. Аяқдопшылар Ресейдің Омбы қаласында өткен жарыста 2-ші орынға ие болды.

Жерлестеріміз барлық қарсыластарын айқын басымдықпен ұтты. Ақтық кезеңде ғана жолдары болмай қалып, 2:1 есебімен ұтылып қалды.

– Байрақты бәсекеде Ресейдің 13 шаһары мен еліміздің Өскемен, Астана, Петропавл қалаларынан жиналған 500 балғын сынға түсті. Өкінішке қарай, соңғы кездесуде біздің шәкірттеріміз ресейлік командадан ұтылып қалды. Дегенмен, теріскейлік балалардың көрсеткен өнеріне футбол мектебінің бапкерлері дән риза, – дейді футбол мектебінің директоры Евгений Кущ.

Бір жыл бұрын құрылған “Юниор” футбол мектебінде қазіргі күні 8 команда жасақталған.

Футболқұмар балғындар алдағы республикалық чемпионатқа қатысуға дайындықтарын бастап кетті. Үздік шыққан құрамаға Түркияның тәжірибелі бапкерлері тәлім бермек.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика