РЕКОРД ЖАҢАРТЫЛДЫ

Алматыда жеңіл атлетикадан КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Ғұсман Қосановты еске алуға арналған турнир өтті. Дәстүрлі жарыста ерлер арасында 400 метрге жүгіруден солтүстікқазақстандық спортшы Михаил Литвин жеңімпаз атанды.

Жерлесіміз жеңіске жетіп қана қоймай, Қазақстанның рекордын жаңартты. 22 жастағы атлет 400 метрді 45.50 секундта жүгіріп өтті. Литвин алғашқы метрден қарқынын үдетіп, қарсыластарынан оқ бойы озып шықты. Соңғы сәтке дейін жылдамдығын бәсеңдетпеген спортшы мәреге жеткенде 34 жыл бойы жаңармаған Қазақстан рекордына өзгеріс енгізді. Бұған дейінгі Қазақстан рекорды Александр Курочкинге тиесілі еді. Ол 1984 жылы аталған қашықтықты 45.52 секундта жүгіріп өткен. Ал Михаилдың бұған дейінгі жеке рекорды 46.08 секунд болған. Ғұсман Қосанов атындағы турнирде 2015 жылы жасалған жеке рекорд бірден 0,58 секундқа жаңарды.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика