“ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ” АНЫҚТАЛДЫ

1 шілде күні Астана қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен VIIІ “Қазақстан барысы” турнирі өтті. Елорданың 20 жылдық мерейтойына орайластырылып өткен биылғы додада еліміздің әр өңірінен 37 балуан бақ сынады.

Байрақты бәсекеде өңіріміздің намысын Мұхит Тұрсынов пен Алтынбек Аусағитов қорғады. 2014 жылы аталмыш жарыстың жеңім­пазы атанған Мұхит Шыңғысбекұлы бірінші айналымда Батыс Қазақстан облысының балуаны Асқар Нұрмахановты жеңіп, 1/8 финалда был­тырғы чемпион Еламан Ерға­лиевпен белдесіп, айласын асыра алмады. Ал Алтынбек Аусағитов бірінші айналымда Шығыс Қазақстан облысының балуаны “Қазақстан барысының” жеңімпазы Айбек Нұғымаровқа есе жіберіп алды.

Жан алысып, жан беріскен белдесулердің нәтижесінде, “Алтын белбеу” қарағандылық Ержан Шынкеевтің беліне байланып, оған “алтын тайтұяқ” пен 25 мил­лион теңгенің сертификаты табысталды. Чемпионның бап­кері де құралақан қалған жоқ, 3,5 миллион теңге сыйақыға ие болды. Турнирде күміс жүлдегер атанған Ерасыл Қа­жыбаевқа 5,5 миллион теңге тапсырылса, оның жаттықтырушысы 1,8 миллион теңге иеленді. Ал ІІІ орын алған Айбек Нұғымаровқа – 1,8 млн., оның бапкеріне 900 мың теңге берілді.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика