ЖАРЫС ЖОЛЫНДА – МҰҒАЛІМДЕР

Айыртау ауданындағы “Чайка” сауықтыру лагерінде білім және ғылым саласы қызметкерлерінің облыстық спартакидасы өтті. Сайыс Астана қаласының 20 жылдығына арналды.

Отызға толмаған жас мамандар қатысқан дәстүрлі спартакиадаға алғаш рет қазақтың “бес асық”, “асық ату” сияқты ұлттық ойындары еніп отыр.

Екі күн бойы спортсүйер мамандар сегіз спорт түрі бойынша сынға түсіп, өзара мықтыларын анықтады. Тартысты сайыс нәтижесінде үшінші орынды Тайынша аудандық кәсіподақ комитеті жеңіп алса, екінші орын шалақындықтарға бұйырды. Ал Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім саласы қызметкерлері спартакиада чемпионы атанды.

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясының төрағасы Б. Әбдірайымов сайысқа аса үлкен жауапкершілікпен дайындалып келген қатысушыларға алғысын білдіріп, жеңімпаздарға сыйлықтар тарту етті.

Жандос БАЗАРБАЕВ,

білім және ғылым салалық кәсіподағы облыстық ұйымының бас маманы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика