ЖІГЕРЛІ ЖАНДАР

Петропавлда мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында “Үміт” облыстық спартакиадасы өтті. Осымен 21-ші рет ұйымдастырылған сайыста өңіріміздің әр ауданынан жиналған 450 спортшы бақ сынады.

Жарыстың ашылу салтанаты Спорт сарайында өтіп, спортшылар “Қарасай” стадионында, “Барыс” шахмат-дойбы клубында және қазақ зағиптар қоғамында 12 спорт түрі бойынша өзара мықтыны анықтады. Турнирдің бас төрешісі Вячеслав Латышевтің айтуынша, аудандарда мүгедектер спорты жанданып, нәтижесінде спартакиадаға қатысушылардың қарасы көбеюде.

– Кешенді жаттығулар мүгедектер спортының бұқаралық сипат алуына көмектеседі. Сондай-ақ, мұндай жарыстар мүгедек жандардың әлеуетін арттыруға мүмкіндік беріп, толыққанды өмір сүруге септігін тигізеді, – деді Вячеслав Латышев.

Сайыс тірек-қимыл аппараты зақымданған, есту қабілеті бұзылған және нашар көретін адамдардың арасында жеке-жеке ұйымдастырылды. Шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ сияқты жарыстарда 9 командаға дейін бақ сынасса, жеңіл атлетика бойынша сынға Мағжан Жұмабаев ауданының спортшыларынан басқалары түгел қатысты.

Екі күнге созылған доданың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Аққайың ауданының командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды тайыншалықтар иеленсе, Мамлют ауданының құрамасы үздік үштікті түйіндеді.

Анна ПЕНЬКОВА,

облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика