АТАЖҰРТПЕН ҚАУЫШУ

Сенбі-жексенбі күндері Петропавлдағы Жастар стадионында “Ер Жәнібек” халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен шағын футболдан дәстүрлі “ER JANIBEK CUP” халықаралық турнирі өтеді.

Жарысқа Франция, Австрия, Дания, Түркия, Иран, Қытай, Ресей, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстанда тұратын қазақ жастарынан құралған командалар мен еліміздің аяқдопшылары қатысады.

Жарыс қатысушылары жұма күні Петропавл қаласының тарихи-мәдени орындарына саяхат жасады. “Абылай хан резиденциясы” мұражай-кешені мен облыстық тарихи-өлкетану мұражайын аралап көрді. Түстен кейін “Ер Жәнібек” халықаралық қоғамдық қорының президенті Түркия Жеңіс журналистерге арнап баспасөз мәслихатын өткізіп, дәстүрлі доданың мақсат-міндеттері жайлы айтып берді. Биылғы дода сал-серілердің серкесі Сегіз сері Баһрамұлының 200 жылдық мерейтойына арналып отыр. Аталмыш турнирдің басты мақсаты – шетелде тұратын қазақ жастарына тәуелсіз Қазақ елінің тыныс-тіршілігін таныстыру, спорттық ойын арқылы атажұртымен мәдени-рухани байланысын нығайту.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика