ФИРУЗАНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖЕҢІСІ

“WIBA”, “WBU”, “IBO Champion-ship” және “WBC Silver” белбеулерінің иегері, қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шәріпова ресейлік Юлия Куценконы жеңіп, жеңіл салмақтағы “WIBA” чемпиондық атағын қорғап қалды.

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен кездесу толық он раундқа дейін созылып, жеңімпаз төрешілер шешімі бойынша анықталды. Жекпе-жек барысында мұрны сынғанына қарамастан шаршы алаңдағы шайқаста басымдық танытқан Фируза бірауыздан жеңімпаз атанды. Осылайша, 24 жастағы қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді. Оның төртеуінде уақытынан бұрын қарсыласын жеңіп шықса, бір жекпе-жегінде жеңілген. Ал Юлия Куценко болса, спорттық мансабында алғаш рет жеңілістің кермек дәмін татты.

Фируза Шәріпова ендігі кездесуін 59 килограмм салмақ санатында “WBC” тұжырымы бойынша әлем чемпионы Ева Вальстремге қарсы өткізеді. Кездесу үстіміздегі жылдың қараша айына жоспарланған.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика