ҚОС МЫҚТЫНЫҢ АЙҚАСЫ

Соңғы күндері барша спорт жан­күйерлерінің назары тағы да АҚШ-тың Лас-Вегас қаласына ауып отыр. Себебі, үстіміздегі жылғы 6 қазан күні “T-Mobile Arena”-да жеңіл салмақтағы “UFC” (ережесіз жекпе-жек) чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов ұйымның экс-чемпионы ирландиялық Конор МакГрегормен кездеседі.

Қос саңлақты жеке-жеке та­ныстыратын болсақ, 20 қыр­күйекте ғана орда бұзар 30 жасқа толған Хабиб Нурмагомедов – Дағыстанның тумасы. Ұлты – авар. Ол соңғы алты жыл бойы “UFC”-де өнер көрсетуде. Осы спортты серік еткелі 26 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 16 бәсекені мерзімінен бұрын аяқтады. Бүгінгі таңда Хабиб ұйымның чемпиондық белбеуінің иегері.

Конор МакГрегор өз қарсы­ласынан екі ай ғана үлкен. Ол Ирландияның астанасы – Дуб­линде туған. Әуелде футболмен айналысып, кейін ережесіз жекпе-жекке ден қояды. Ол 24 рет ай­қас алаңына шығып, 21 рет же­ңіске жетсе, 19 кезде­суде ай­қын басымдық танытқан.

Қазақстандық спорт жанкүйерлері бұл шараны “Qazaqstan” және “Qazsport” телеарналарының тікелей эфирлерінен Астана уақытымен 7 қазан күні таңғы сағат 07:50-де көре алады.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика