ТАРИХТА ҚАЛАТЫН ЖЕҢІС

Футболдан Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі екінші ойында “Астана” командасы өз алаңында Францияның “Ренн” командасын 2:0 есебімен ұтып, “К” тобында 4 ұпаймен көш басына шықты.

Ел чемпионы Киевтегі “Динамо” командасымен болған алғашқы ойында 2:2 есебімен тең түсіп, 1 ұпай еншілеген еді. Енді бұл жолы францияның ортаңқол ұжымынан басым түсті. Алғашқы таймда есеп ашылмағанымен, ойынның 64-ші минутында Марин Томасовтың бұрыштама добынан қабылдаған Бахтиер Зайнутдинов қарсыластар қақпасына гол соқты. Ал ойынның 91-ші минутында Марин Томасовтың өзі мергендік танытып, есепті еселеді. Осылайша, “Астана-Аренаға” жиналған 25 мың жанкүйер жеңістің куәсі болды.

Бұл кездесуде қол жеткізген үш ұпайдың арқасында “Астана” командасы өз тобында бірінші орынға шықты. Енді Григорий Бабаянның шәкірттері 25 қазан күні сырт алаңда Чехияның “Яблонец” клубымен кездеседі.

Қанат Атаманов

"Солтүстік Қазақстан"

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика