ЖАНЖАЛҒА ҰЛАСТЫ

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы “T-Mobile Arena” алаңында “UFC” (ережесіз жекпе-жек) чемпионы, ресейлік Хабиб Нурмагомедов ұйымның экс-чемпионы ирландиялық Конор МакГрегормен кездесті. Аталған бәсекеде дағыстандық спортшы жеңіске жетіп, чемпиондық атағын қорғап қалды.

Жекпе-жек төрт раундқа созылды. Қызықты әрі ұзақ айқас өткізуге уәде берген дағыстандық төрт раунд бойы басымдық танытты. Алғашқы раундтан-ақ Хабиб қарсыласын тырп еткізбей қойды. Сөйтіп, ирландиялықты әбден сабады. МакГрегор дәл мұндайды күтпесе керек, тығырықтан шығар жол іздеумен әуре болды. Хабибке еш айла-тәсіл қолдана алмай, шарасыздық танытты. Бұған дейін қарсыласын бірінші раундта нокаутқа жіберем деп есірген ирландиялық шаршы алаңда қатты састы. Төртінші раундта Нурмагомедов қарсыласына қылқындыру әдісін қолданды. Осылайша, маңызды жекпе-жекте Хабиб Нурмагомедов мықтылығын дәлелдеп, чемпиондық атағын қорғап қалды. Ал Конор МакГрегор өз мансабында осымен төртінші рет жеңіліс тапты.

Бірақ айқас аяқталысымен ашуға булыққан Хабиб Нурмагомедов күрес алаңынан секіріп шығып, қарсыласының спарринг-жаттықтырушысы Дилон Дэниске тап берді. Белгілі болғандай, Дилон кездесудің басынан соңына дейін дағыстандықты балағаттаумен болған. Артынша ресейлік спортшының бапкері мен команда мүшелері сегізбұрышқа кіріп, ирландықты соққының астына алды. Көптен күткен кездесудің соңы жаппай төбелеспен аяқталды.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика