ЖЕТКІНШЕКТЕР ЖАРЫСЫ

Жақында Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның орталығы Новоишимка ауылында орналасқан “Құлагер” дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде шинкиокушинкай каратэден білікті бапкер Олег Алексеенконы еске алуға арналған облыстық ашық турнир өтті.

Оған алаң иелері мен Петропавл, Астана, Көкшетау және Ресейдің Ишим қалаларынан 6-13 жас аралығындағы 150 каратэші сайысты.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсімі кезінде аудан әкімі Болат Жұмабеков жас ұрпақтың саламатты өмір салтын ұстануға деген қызығушылығын оятуда осындай сайыстардың маңызы зор екендігін айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыс қорытындысы бойынша “Көкшетау кан” командасы бірінші орынды қанжығасына байлады. “Көкшетау шин” командасының каратэшілері екінші орынды еншілесе, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның өкілдері үшінші орынды қанағат тұтты.

Дулат ҚОЖАХМЕТОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика