ЖЕҢІМПАЗҒА — ҚАЖЫЛЫҚҚА ЖОЛДАМА

Жыл сайын дәстүрлі түрде Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының жүлдесі үшін ұйымдастырылатын биылғы республикалық турнирге Мұхит Тұрсынов, Дәурен Нұрғожин және Қизат Қалықов сынды өңірімізге танымал балуандар жолдама алған болатын.

Астана қаласындағы “Дәулет” спорт кешенінде өткен дүбірлі додаға еліміз бойынша 39 балуан қатысты. Бірінен бірі айла-тәсілін асырып, дүйім халық алдында күш сынасқан балуандар жамағаттың ыстық ықыласына бөлене білді.

Еліміздің барлық аймақтарынан бас қосқан апайтөс, атан жілік жігіттердің арасынан тек семейлік Айбек Нұғымаровқа ғана есе жіберген Мұхит Тұрсынов біздің өңіріміздің абыройын асырып, жүлделі 2-орынды иеленді. Жеңімпаз бен оның бапкері Ербол Мырзабосыновқа кіші қажылыққа жолдама берілді.

Жеңімпаздарға үлкен қажылық және ұмра қажылық жолдамасына “Нұр-Қазақстан”, “Tawaf travel”, “Хидаят нур”, “Хикмет” компаниялары демеушілік жасаған.

Айгүл ЫСҚАҚОВА,

“Soltústіk Qazaqstan”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика