НӘТИЖЕЛІ ОЙЫН

Шайбалы хоккейден өтіп жатқан ашық ел біріншілігі аясындағы ойында петропавлдық “Құлагер” өз алаңында былтырғы маусым чемпионы – көкшетаулық “Арлан” командасынан екі мәрте жеңіліс тауып, турнир кестесінде төртінші орынға сырғыған. Одан кейін петропавлдықтар биылғы маусымдағы ең ірі жеңісіне қол жеткізіп, елордалық “Астана” хоккейшілерінен 7:1 есебімен басым түсті.

Бүгінге дейін бір де бір ұпай жинамай, көш соңында келе жатқан елордалық команда қақпасы матчтың екінші минутында-ақ сыр берді. Шайбаның авторы – қызылжарлық Федор Хорошев. Бірақ он үшінші минутта Астана шабуылшысы Василий Анискин есепті теңестірді. Бұл қонақтардың алғашқы және соңғы нәтижелі шабуылы болды. Қалған уақытта тек “Құлагер” ойыншылары шайба соқты. Есеп – 7:1.

Екінші күнгі қарымта кездесу де жерлестеріміздің жеңісімен аяқталды. Бұл жолғы есеп – 6:2. Ойын барысында солтүстікқазақстандық хоккейшілер Кирилл Власов, Федор Хорошев, Евгений Попитич, Денис Стасюк мергендік танытса, Илья Ахметов дубль авторы атанды.

Қос жеңістен кейін 43 ұпайы бар “Құлагер” ел біріншілігінің турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді. Ал 45 ұпайы бар “Арлан” көш бастап тұр.

Қанат АТАМАНОВ,

“Soltústіk Qazaqstan”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика