ҚОРЖЫНДА - ҚОЛА МЕДАЛЬ

Түркіменстанның астанасы – Ашхабадта ауыр атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында ел қоржыны қола медальмен толықты.

75 килограмм салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Надежда Лихачева жұлқа көтеруде 112, ал серпе көтеруде 130 килограмды бағындырды. Осылайша, зілтемірші екі кезең қорытындысы бойынша 242 килограмдық көрсеткішпен үшінші орынды иеленді. Бұл сында қытайлық Ван Ли Чжан алтын медаль иегері атанса, мысырлық Сара Ахмед күміс жүлдені жеңіп алды.

Ал 64 килограмм салмақ дәрежесінде бақ сынаған отандасымыз Карина Горичева “В” тобындағы бәсекеде 107 килограмдық зілтемірді жұлқа көтеріп, үшінші нәтиже көрсетті. Дегенмен, ол қоссайыстың қорытындысында 224 килограмм көрсеткішпен сегізінші орынға тұрақтады. Осы салмақ дәрежесінде сынға түскен тағы бір қазақстандық зілтемірші Әсем Садықова жаттығудың екі түрі бойынша 226 килограмды бағындырып, жетінші орынға жайғасты. Қоссайыстың нәтижесінде қытайлық Ден Вэй жеңімпаз атанса, солтүстіккореялық Рим Ун Сим екінші, ал таиландтық Раттанаван Вамалун үшінші орынды иеленді.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,

“Soltústіk Qazaqstan”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика