ҚОС ЖЕҢІС

Петропавл қаласындағы Спорт сарайында шайбалы хоккейден өтіп жатқан ел біріншілігі аясында қызылжарлық “Құлагер” хоккей командасы оңтүстікқазақстандық “Алматымен” кездесу өткізді.

Кездесудің бірінші кезеңінде есепті Денис Стасюк ашты. Ал екінші кезең бітуге бір минут қалғанда қызылжарлық шабуылшы Дмитрий Исмагилов нәтижені еселесе, үшінші кезеңде Илья Ахметов жеңіс шайбасының авторы атанды.

Командалар арасындағы қарымта кездесу бейсенбі күні өтті. Бұл кездесуде қос команда негізгі уақытта есеп аша алмады. Овертаймда да таблодағы есеп өзгеріссіз қалды. Ал буллиттер сериясында жерлес команда басымдық танытып, жеңімпаз атанды. Есеп – 1:0.

“Құлагер” хоккей командасы сегіз ұпаймен турнир кестесіндегі екінші орнын сақтап қалды.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.