ЛИТВИН — ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР

Түркіменстанның астанасы – Ашхабад қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі бесінші Азия ойындарында солтүстікқазақстандық жеңіл атлетші Михаил Литвин 400 метрге жүгіруден қола жүлдегер атанды.

Бұл дүбірлі додада еліміздің намысын 17 спорт түрі бойынша 113 адам қорғап жүр. Солардың арасында Литвиннен басқа жеңіл атлетші Ирина Эктова, велосипедші Артем Захаров пен балуан Данияр Кәленов сынды жерлестеріміз бар.

Жарыстың өткен күндерінің қорытындысы бойынша еліміздің спортшылары 37 медальмен (9 алтын, 12 күміс, 16 қола) жалпыкомандалық есепте бесінші орында тұр. Жеңіске жеткендердің арасында Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова мен әлем барысы Айбек Нұғымаров бар.

Айта кеткен жөн, бұл бәсеке 27 қыркүйек күні аяқталады.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Текстиль для дома, Вышивка, Фурнитура, Ткани
автоновости