Қоржында — қос алтын

Өңірімізге танымал акробаттар Антон Ямпольский мен Алина Мұхамеджанованың жұбы Ресейдің Великий Новгород қаласында өткен КСРО-ның құрметті спорт шебері Юрий Золотовты еске алуға арналған халықаралық жарысынан және Азия біріншілігінен жүлделі оралды.

Ресейдегі халықаралық додаға Германия, Әзірбайжан, Молдова және Беларусь елдерінен екі жүзден астам спортшы қатысты. 11-16 жастағылар арасында сайысқан жерлестеріміз жеңістің биік тұғырынан көріне білді.

Содан кейін қызылжарлық сайыпқырандар Алматы қаласында өткен Азия біріншілігіне қатысып, шетелдің үздік спортшыларымен сынға түсті. Бұл жарыста бағдарламаларының барлық қиын элементтерін сәтті орындаған олар қарсыластарын шаң қаптырып, нәтижесінде алтын медальды қанжығасына байлады.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.