ҚАРАҒАНДЫДАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

Қызылжарлық өрендер Қарағанды қаласында жеңіл атлетикалық көпсайыстан өткен ел біріншілігінен жүлделі оралды.

Осымен төртінші мәрте ұйымдастырылған додада 12-13 жастағы жүзден астам спортшы бағын сынады. Біздің облысымыздан 12 спортшы бәсекеге түсті. Жарыс барысында спортшылар 60 метрге жүгіру, ұзындыққа секіру, допты лақтыру, 500 және 800 метрге жүгіру бойынша сайысты.

Жарыстың қорытындысы бойынша қыздар жалпыкомандалық есепте екінші орынға, ал ұлдар үшінші орынға ие болды.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.