ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА — ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ

Солтүстікқазақстандық спортшылар Шымкент қаласында тасжолдағы веложарыстан өткен ел кубогында жеңімпаз атанды.

Он бір облыстың жасөспірімдері сынға түскен жарыс бағдарламасының ережесі бойынша ерлер жекелей сында 25 шақырымды бағындырды. Бұл сында қарсыластарынан оқ бойы озып шыққан қызылжарлық Степан Астафьев мәреге 30 минут 56 секунд уақытта жетті. Александр Овсянников күміс медальға ие болса, қола медаль Алексей Волошиннің еншісінде. Мәре сызығын өзгелерден бұрын кескен алғашқы алты спортшы біздің жерлестеріміз болғанын айту да зор сүйініш.

Ерлер арасындағы 50 шақырымдық командалық сайыста жерлестеріміз 59 минут 48 секунд уақытпен жеңістің биік тұғырынан көріне білді. Ал үшінші критериум кезеңінде қарсыластарын шаң қаптырған қызылжарлық Сергей Власенконың мерейі үстем болды. Қыздар арасында Махаббат Үмітжанова жеңіс биігінен көрінсе, Алина Саркулова үшінші орынға табан тіреді.

Сөйтіп, ел кубогының қорытындысы бойынша солтүстікқазақстандықтар жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

Анна ПЕНЬКОВА,

облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.