ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰН – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Еліміз бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына енуді басты бағыты етіп белгілеп, соның аясында азаматтарымыздың жоғары деңгейлі білім алуына барынша жағдай жасап келеді. Білім саласының сапалы педагог қызметкерлерімен қамтылуына да ерекше мән беріліп отыр.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 6

ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ НЕДЕ?

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында: “Озық индустриялы елдер – Германияда, Ұлыбританияда, АҚШ, Оңтүстік Кореяда жұмысшы кадрларды даярлаудың дуальдық жүйесі өзін жақсы жағынан көрсетті. Осы жүйе бойынша кәсіптік мектеп оқушылары бір мезгілде өндірісте тағылымгер болып табылады. Даярлаудың осындай жүйесін Қазақстанда да кеңінен енгізу қажет. Бұл біздің жаңа индустрияландыру үшін кадрларды даярлауды жаңғыртуымызға жағдай жасайды”, – деп атап көрсетіп, осыдан алты жыл бұрын дуальды кәсіби білім беруді дамытудың маңызына көңіл аудартқан еді. Еліміздің өзге өңірлеріндегідей, біздің облысымыздың кәсіптік-техникалық білім беру және жоғары оқу саласында бұл әдіс кеңінен қолданылып келеді.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 19

ӨНЕРПАЗДАР ОТАУЫ

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның өнер мектебі – дарынды балалардың басын біріктіріп, өнерін ұштап, үлкен өмірге қанат қақтыртып отырған іргелі ұйым. Мектептің бүгінгі тынысына қарап, осыдан бірнеше жыл бұрын жабылудың аз-ақ алдында тұрғаны туралы айтуға ауыз бармайды.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 25

СПОРТ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ ҰСТАЗЫ

“Әр бала – жарық жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет”. Шығыс ғұламасы Жүсіп Баласағұнның осы сөзі біздің әріптесіміз Болат Нұртазинге қаратыла айтылғандай. Өйткені, Болат Нұрахметұлы – талай ауыл баласын спортқа баулып, шыңдап, жеңіс тұғырына жетелей білген жан.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 8

ЖАҢҒЫРУДЫҢ ӨЗЕГІ

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты бағдарламалық мақаласында айтылған қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы ұсынысын көпшілік зор ықыласпен қабыл алғаны есімізде.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 24

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика