БАҒДАРЛАМАНЫҢ БЕРЕРІ МОЛ

5-7-сыныптарға жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша тарих пәнінен сабақ беремін. Жаңартылған білім беру бағдарламасында ұзақ, орта және қысқа мерзімді жоспарлар қолданылады.

Бағдарламаны сабақта қолдану, оқушыларға жеткізу көптеген қиындықтар туғызды, бірақ уақыт өте келе оқушылар оны меңгеріп, сабаққа деген қызығушылықтары артып, белсенді жұмыс істей бастады. 5 “А” сыныбында дүниежүзі тарихы пәнінен “Таяу және Орта Шығыстағы ежелгі империялар неліктен қуатты болды?” тақырыбында сабақ өткіздім. Сабақты ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында “Достар шеңберін” құрумен бастадым. Үй жұмысы “Домино” әдісімен тексеріліп, бағалау өлшемдері мен дескрипторлар берілді.

Сабақтың мақсаты Таяу және Орта Шығыстағы империялардың қалыптасуына соғыстың әсерін талдау, басқару жүйесінің ерекшеліктерін түсіну, ежелгі билеуші мемлекеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау болды. Сынып “Ассирия”, “Вавилон”, “Парсы” топтарына бөлінді. Жаңа сабақты түсіндіру үшін тақырыпқа байланысты суреттерді пайдаланып, “Миға шабуыл” әдісін қолдандым. Топтық жұмыста “Зерттеу картасы” әдісімен кесте толтырылды. “Таяу және Орта Шығыс империяларының әлеуметтік құрылымы мен шаруашылық жүйесін сәйкестендіру” тапсырмасында оқушылар бір-бірінің ойын толықтырды.

Келесі тапсырма “саралап оқыту” тәсіліне негізделді, онда әртүрлі деңгейде сұрақтар берілді. Оқушыларға әр тапсырмадан кейін бағалау өлшемдері мен дескрипторлар берілді, жақсы орындағандар смайликтермен бағаланды. Тапсырманы аяқтамағандар ескертпе алды. Кері байланыста “Аяқталмаған сөйлем” әдісімен әр оқушының тақырыпты қаншалықты меңгергенін білдік.

Индира МҰСТАФИНА,

Жұмабек Тәшенев атындағы

№20 орта мектептің мұғалімі.

Петропавл қаласы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.