ҚАШЫҚТЫҚТАН БАҚЫЛАУ

Қазіргі заманда оқушының пәндік білімді, дағдыларды меңгеруімен қатар, баланың тұлғалық деңгейін қалыптастыру алдыңғы қатарға шығып отыр. Қоғамды ақпараттандырудың қазіргі жағдайында информатика және ақпараттақ коммуникативтік технология пәндері қажетті білім беру деңгейін қалыптастырып, оқушының жеке қасиеттерін дамытуда маңызды рөл атқаруда. Пән мұғалімі ретінде оқушылардың ақпаратпен жұмыс істеу қабілеттерін дамытып, оны өңдеу әдістерін қалыптастыруды негізгі міндеттерімнің бірі санаймын.

Балалар қазір компьютерлік және электронды әзірлемелердің гаджеттерін белсенді түрде пайдаланады. Кейбір мәселелерді шешуде планшеттер мен ұялы телефондарды қолдану тиімді. Өйткені, балаға дәптерге жазып, есептегеннен гөрі, заманауи құрылғылармен жұмыс істеу жеңіл. Оқушы ынтасын арттыру үшін гаджеттерді өз сабақтарымда мен де белсенді қолданып жүрмін. Мәселен, мен “TeamViewer” қосымшасын жүйелі пайдалана отырып, оқушы тапсырмасын қашықтықтан бақылауға мүмкіндік аламын. Бұл бағдарлама оқушының ұялы телефонын, планшетін немесе компьютерін қашықтықтан қарауға және басқаруға арналған. Онымен оқушының сыныпта, үйде тапсырманы орындау деңгейін байқауға болады. Тек бұл бағдарламаның жұмысы үшін компьютер немесе ұялы телефон интернетке қосулы болуы керек.

Мейрам БЕКТЕМІРОВ,

М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжі жанындағы мектеп-лицейі информатика пәнінің мұғалімі.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика