ТОППЕН ОҚЫТУ ТИІМДІ

Физика пәнін оқыту барысында диктант, тест тапсырмалары, тірек схемалар, логикалық сұрақтар мен есептер шығарту сияқты әдістерді пайдалану тиімді. Бұл оқушының тәжірибе жинақтап, білім сапасының молаюына, санасының толығуына, пәнге қызығушылығының артуына ықпал етеді. Бірсарындылықтан құтылтып, ізденісін арттырудың бірден-бір әдісі – топпен оқыту.

Оқушылармен жеке жұмыс жүргізуде “кубизм” әдісін жиі пайдаланамын. Әр топтың ортасына кубик тасталады, түскен қырына сәйкес сұрақтар беріледі. “Ой ашар” ойыны оқушының есеп шығару дағдыларын дамытады. Өткен материалды қайталау, жүйелеу келесі кезеңдегі оқу материалын зерделеуге көшуге үлкен мүмкіндік береді.

Зәуреш АХМЕТЖАНОВА,

“Парасат” мектеп-лицейі физика пәнінің мұғалімі.

 

Қызылжар ауданы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика