МАХАМБЕТ МҰРАСЫ

Махамбеттің елдікке шақырған, ерлікке, өрлікке үндеген асқақ рухынан жас ұрпақ мол тағылым алуға тиіс. Шәкірттер Махамбеттің патриоттық жалынынан нәр алуы үшін “Парасат” мектеп-лицейінің 8-9-сынып оқушылары “Дүбірлі дала” атты шығармашылық қойылым көрсетті.

Театрландырылған қойылым мектеп оқушыларының жүрегінде патриоттық рух ұялату мақсатында сахналанды және Ішкі Ордадағы 1836-1838 жылдардағы көтеріліске 180 жыл толуына орайластырылды.

Махамбет өмірінің соңғы кезін, қасірет пен қайғыға толы сәттерін көз алдарына елестетіп, оның батырлығына, қайсарлығына, қайтпас жігеріне тәнті болған оқушылар қойылым кейіпкерлерін шынайы сомдауға тырысты.

Баймағамбет пен Махамбеттің диалогі ерекше әсерлі болды. Батыр туған бабадан – ел қорғауды, ару болған анадан – ар қорғауды, даналық сөз саптауды қазағынан үйреніп, қара халқын көкке көтере білген Махамбеттей батырдың опасыздардың қолынан мерт болуы кімді болсын тебірентпей қоймады. Оқушылар Махамбеттің өмір жолынан тағылым ала отырып, өздерінің шығармашылық өнерлерін шыңдады.

Қымбат ШӘРІПОВА,

“Парасат” мектеп-лицейі тарих пәнінің мұғалімі.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика