ЕҢ АЛДЫМЕН — ТӘРБИЕ

Мен тәрбиешімін және келешек ұрпақтың сәулетшісі екенімді мaқтaныш сезіммен айта аламын. “Адамға ең бірінші білім емес тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы” деген ұлы ғұламамыз әл-Фарабидің ұлағатты сөзі есімнен шыққан емес.

Бүгінде мектепалды даярлық тобындағы жаңаша оқыту әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы іске асуда. Сабақ барысында өлең оқу, топтастыру, Венн диаграммасы сынды тәсілдерді балалардың ойын еркін жеткізу үшін жиі қолданамын. Жеті модульдің ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың тиімділігі мол. Кез келген тапсырмалар барысында қазақи рух беретін күй күмбірі, сергіту сәттеріндегі көңілді әуендер тыңдату, жазба жұмысында интербелсенді тақта қаламын еркін ұстай білуді үйрету, әріптерді танытуда суреттерді экраннан көру сияқты жұмыстар бaлалардың есте сақтау қабілетін арттырады. Олар 30 минуттың әр кезеңінен бір жаңашылдық, тосын дүние күтеді.

Топтағы шығармашылық жұмыстар дарынды және талантты балалардың ашылып, көпшілік алдында сөйлеу мәнерлерінің, өздерін емін-еркін ұстай білу қaбілеттерінің төселуіне септігін тигізеді. Балaлардың топтық және жұптық іс-әрекеттері айқын көрінеді. Екі жақты қарым-қатынас негізінде бір мәмілеге келдік. Бaлалaрды дұрыс ұйымдастыруда біраз қиындықтар болды. Өзіме артылған міндетті ақтау, балғындардың тақырыпты игеруі үшін көп еңбектенемін. Бүгінгі біздің маңдай теріміз – ертеңгі ел дамуына еселеп қосып жатқан үлкен көмек болмақ. Алдымда отырған қаракөз қaзaқ балаларының сауатты да өзгеге үлгі болуы – менің де ізгі армaным.

Қaзaқстaн aтты тамыры тереңде жатқан мемлекеттің бар жүгін мойнымен көтеріп, келесі ғасырға табыстайтын ұлт жалғасы, алтын көпір бүлдіршіндер, біздің берген тәрбие мен білімді ертең мектеп қабырғасында, жоғары оқу орнында жалғастырып, келесі ұрпаққа табыстайды. Осыны жан жүрегіммен сезінемін және осы жолда бар күш-жігерімді, қажыр-қайратымды аямаймын. Әр бүлдіршінді үлкен азамат ретінде тәрбиелеп, ұлтжандылық қасиетті бойына сіңіруге тырысамын.

“Ел болaмын десең, бесігіңді түзе!” деген сөзді жадына мықтап орнықтырған халықтың болaшағы жарқын болатыны сөзсіз. Болашақта әдістемелік көкжиегімді әлі де кеңейтіп, заманауи тәсілдерді игеруге бар күшімді саламын. Мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісі мамандығының қыр-сырын басқа да талапкерлерге үйретіп, тәуелсіз мемлекетіміздің болашағы жолында өзіндік үлесімді қосамын.

Меруерт ОЖЫҚАЕВА,

Ғ.Малдыбаев атындағы Жaңaжол орта мектебі даярлық сыныбының тәрбиешісі.

Шал ақын ауданы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика