ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІ САРАЛАНАДЫ

Облыстық білім саласын бақылау департаментінде орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауға, дайындық жұмыстарын пысықтауға арналған семинар өтті. Оған бұл процеске қатысушы облыс педагогтері шақырылды.

Елімізде орта білім беру ұйымдарындағы оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) оқушылардың оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін және білім беру қызметі сапасын анықтау мақсатында 2012 жылдан бері жүргізіліп келеді. Бағалау нәтижелерінің сараптамасы көрсетіп отырғандай, өңір оқушылары қазақ тілі мен Қазақстан тарихы пәндері бойынша сыннан сүрінбей өтеді. Ал физика, химия, математика пәндерінен керісінше төмен ұпайлар жинайды. Былтыр 4-сыныптар арасында өткен бағалау барысында “ЛОРД” дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-лицейі мен №32 орта мектептің оқушылары ең жақсы нәтиже көрсетті. Ал 9-сыныптар бойынша №17 ұлттық-жаңғыру орта мектеп-кешенінің, 11-сыныптар бойынша “Білім-инновация” мектеп-кешені мен қалалық №2 мектептің оқушылары жақсы нәтижелерімен көзге түсті.

Биыл ОЖСБ облысымыздың 99 мектебінде білім алатын 5 мың оқушының оқу жетістіктері сараланады. Семинар барысында ұстаздарға тестілеу әдістері туралы тағы бір шолу жасалды. Тестілеу кезінде қатаң тәртіп сақталуы тиіс, яғни оқушыларға орындарын ауыстыруға, материалдарын алмастыруға, әдістемелік құралдар, калькулятор, телефон, т.б. пайдалануға рұқсат етілмейді. Ұстаздар қауымы осы талаптарды бұлжытпай қамтамасыз етуі тиіс. Тестілеу үрдісін білім саласын бақылау департаменттерінің уәкілетті өкілдері қадағалайды.

Татьяна ГАПЧИЧ,

облыстық білім саласын бақылау департаментінің бөлім басшысы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика