АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ

Бүлдіршіннің зейінін ашатын алғашқы оқулық – “Әліппе”. 2016 оқу жылынан бастап 1-сынып оқушылары жаңартылған бағдарлама бойынша білім алатын болып, қолдарына әліппенің орнына “Сауат ашу” оқулықтары таратылғанда, көпшіліктің абдырап қалғаны рас. Алайда, көзден таса болған оқулық 2019 жылдан бастап мектепалды даярлық сынаптарының оқу бағдарламасына енетін болып шешілді.

“Әліппе-Букварь” апробациясы өңіріміздің үш білім және тәрбие беру мекемесінде жүргізілуде. Атап айтсақ, біздің мектепалды сыныбымыз және Петропавл қаласының “Балдәурен” бөбекжай-бақшасының ересектер тобының тәрбиеленушілері “Шикула и К” баспасының “Әліппе” оқулығын пайдаланады. Ал Тайынша қаласындағы “Болашақ” бөбекжай-бақшасының орыс тілінде тәлім алушы ересектер тобы “Атамұра” шығарған “Букварь” оқулығымен сауат ашып жүр. Жаңа оқу құралдары қазіргі бастауыш мектеп пен мектепалды білімінің ерекшеліктеріне сәйкестендіріле отырып құрастырылған. Оқулықтағы тапсырмалар балалардың жасы мен ойлау қабілеттеріне сәйкес келеді. Лексикалық тақырыптар тілдік дамуды көздеп қана қоймай, ой-өрістің жетілуіне де ықпал ететіндей етіп таңдалған.

Жуырда “Әліппе-Букварь” оқу-әдістемелік кешендерін апробациялау: кемшіліктері мен мүмкіндіктері” атты облыстық семинар өтті. Онда жаңа әліппе бойынша сабақ беруші тәрбиешілер өз тәжірибелерімен бөлісті. “Шикула и К” баспасынан шығарылған “Әліппе” және қазіргі қолданыстағы “Сауат ашу” оқулықтары бойынша ашық сабақтар жүргізіліп, айырмашылықтары көрсетілді. Негізгі мақсаттарындағы, яғни, дыбыстармен таныстыру, оларды ажыратуға үйрету, дыбыстық талдау жасату барысындағы әдістемелік ұқсастықтар болмаса, екі оқулықта ұсынылған тапсырмалар әртүрлі.

Тоғжан ЖАҚСЫЛЫҚОВА,

Сарытомар орта мектебі мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі.

Мағжан Жұмабаев ауданы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика