ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Екатеринбург қаласының Орал мемлекеттік экономикалық университетінде ІХ Еуразиялық экономикалық жастар форумы өтті. Форумға бір жүзден астам университеттің өкілдері қатысып, өздерінің үздік жұмыстарын ұсынды.

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің атынан бұл шараға “Қаржы” мамандығының екі студенті қатысып, халықаралық ғылыми-зерттеу жобалары байқауында бақтарын сынады. Айгүл Рыспекова мен Никита Воропаев қаржылық проблемаларды шешуге, жаңа қаржы архитектурасын қалыптастыруға бағытталған ғылыми жобаларын ойдағыдай қорғап шықты. Осылайша, болашақ қаржыгерлер он жеңімпаздың қатарына еніп, келесі кезеңге жолдама алды. Оның нәтижесінде жоғары оқу орындарының профессорлары, ірі компаниялар басшылары мен белгілі қаржыгерлерден құралған байқау сарапшыларының шешімімен Никита Воропаев екінші орынға ие болып, дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Никита Воропаев – Петропавл қаласындағы бірінші гимназияның түлегі.

Ирина ЦВИНГЕР,

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің “Қаржы және менеджмент” кафедрасының аға оқытушысы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика