АКАДЕМИЯ ТӨСБЕЛГІСІН АЛДЫ

Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының алтыншы республикалық “Үздік ұстаз” байқауына қатысқан Шал ақын ауданындағы Кеңес орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі Маржан Адырбаева арнайы төсбелгімен марапатталды.

Ұстаз мәртебесін көтеру және еңбектеріне лайықты баға беру, іс-тәжірибесін кеңінен тарату мақсатымен жылына екі рет өткізілетін бұл байқауға еліміздің барлық облыстарынан мектеп, колледж және университет оқытушылары қатысқан. Маржан Жолкенқызы Кеңес ауылының мектебінде 17 жылдан бері еңбек етіп келеді. Осы уақытқа дейін қол жеткізген бірталай табыстары бар. Ол оқушылардың білімге деген қызығушылығы мен танымдық қабілеттерін арттыруға аса көп мән береді.

Тарих пәнінің ұстазы оқушыларын аудандық деңгейдегі байқауларға, республикалық қашықтық, интернет олимпиадаларға қатыстыру арқылы олардың белсенділігін арттырып, шығармашылық шабытын ашуға үлесін қосып келеді. Ауыл оқушылары “Елбасы”, “Қазақстан тарихы: Рухани жаңғыру”, “Сабаққа арналған ең үздік тұсаукесер”, “Тарих ата” және т.б. олимпиадалардан, байқаулардан жүлделі орындар мен түрлі диплом, сертификаттарға ие болған. “Инфосабақ” халықаралық олимпиадасына қатысқан бір топ оқушысы да жүлдеге қол жеткізген. Талаптыға нұр жаудыра білетін ауыл ұстазы аудан мұғалімдері үшін семинар өткізіп, шығармашылық ізденіспен де айналысады. Оның еңбегі бірнеше мәрте Құрмет грамотасымен және Алғыс хатпен атап өтілді.

Жанар ИБРАЕВА,

СҚМУ студенті.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика