АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ МАҢЫЗЫ

Қазақ халқының ықылым заманнан бергі асыл мұраларының бірі – халық ауыз әдебиеті. Жазу-сызу өнері болмаған кезде халық өзінің тұрмыс-тіршілігін, көңіл-күйін, дүниетанымдық көзқарасын ауызша әңгіме, аңыздар, мақал-мәтелдер арқылы білдіріп, жеткізген. Қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік-идеялық, эстетикалық нәрімен, жанрларының молдығымен, тақырыптық және сюжеттік байлығымен, қоғамдық-әлеуметтік және тәрбиелік терең мазмұнымен ерекшеленеді.

Бастауыш сынып оқушыларын ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстырып, пайдасын игерту біздің басты міндеттеріміздің бірі болып табылады. Қиял дүниесінен туындаған ғажайып оқиға-ертегілер, батырлар жыры, қысқа түйінді мақал-мәтелдер, сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырған тақпақ, жаңылтпаштар – бәрі де балабақшада кеңінен қолданылатын дүниелер. Осылардың ішіндегі балалардың сүйіп тыңдайтындары – ертегілер. Бұл жанрды өз сабағымызда түрліше пайдаланамыз. Мәселен, алғашқыда адам баласын еңбекке баулуына, тұрмыс-тіршілік жағдайына байланысты туындаған “Аяз би”, “Ұр торпақ”, “Алдар көсе” сынды тұрмыс-салт ертегілерін оқып, кейін соларға ұқсатып өз ертегілерімізді құрастырамыз. Мұндай амал ертегілер балалардың есте сақталуына, сөйлеу қабілеттерінің дамуына, дүниетанымын кеңейтуге ықпал етеді.

Тазагүл ТЕМІРБЕКОВА,

Жаңасу ауылының “Болашақ” шағын орталығының тәрбиешісі.

Шал ақын ауданы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика