ҮЗДІК ТӘРБИЕШІ

Қызылжарда “Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының үздік педагогі – 2018” республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті.

Облыстық білім беру басқармасы мен білім саласындағы әдістемелік және ақпараттық технологиялар орталығының ұйымдастыруымен өткен байқауға аудандық және қалалық кезеңдердің 14 жеңімпазы қатысты. Мектепке дейінгі даярлық сыныптары мен бөбекжай-бақша, шағын орталықтардың тәрбиешілері қазылар алқасына “Менің кәсіби ұстанымым” таныстырылымын, жетістіктер портфолиосын ұсынып, балалармен жұмыс істеу барысында қолданатын әдістерін көрсетті. Қатысушылардың жаңашылдығына, кәсіби шеберлігіне, педагогикалық әдістерді қолдану тәжірибесіне көңіл бөлінді.

Сын сағатында өзін көрсете білген Қызылжар ауданындағы Пресновка орта мектебі даярлық сыныбының тәрбиешісі Ольга Пальчуковская бас жүлдені жеңіп алды. Ал аққайыңдық “Балапан” бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Елена Кислая бірінші орынға қол жеткізді. Екінші, үшінші орындарды Аққайың және Ақжар аудандарының өкілдері бөлісті. Байқаудың “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің кәсіби біліктілігін арттыру және педагогикалық еңбектің беделін көтеру мақсатында өткізілгенін айта кеткен жөн.

Бақыт ҒАБДУЛЛИНА,

білім саласындағы әдістемелік және ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика