"АШЫҚ ЕСІК" КҮНІ

Петропавл қаласындағы есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатында “Мен әлемді естимін” атты “Ашық есік күні” өтті.

Облыстық білім басқармасы мамандарының қолдауымен өткен шара аталмыш мекеменің 75 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылды.

Қоғам назарын мүгедектер проблемасына аударуды мақсат тұтқан мектеп ұжымы бұл күні мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметік қолдау көрсетуші мемлекеттік құрылымдар өкілдерін және мекеменің бүгінгі тынысымен танысу үшін келген тұрғындар мен ата-аналарды қарсы алды. Мектеп-интернат ұжымы мекеменің беделін арттыру, педагогтерінің, сондай-ақ, барша білім беру ұжымының жетістіктері мен тәжірибелерін тарату бойынша жұмыс атқаруда. “Ашық есік күніне” келгендер мектеп-интернаттың оқу-тәрбие беру жұмысының ұйымдастыру ерекшеліктерімен, балалардың сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы жұмыстарымен танысты. Адам бойындағы ең басты мүмкіндіктердің бірі – есту қабілетінен айырылғандар талапты да талантты бола алатындығына көпшіліктің көзі жетті.

“Қызылжар-Ақпарат”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика