МОНШАДА ИІС ТИДІ

Тайынша қаласының екі тұрғынына өздерінің жеке меншік моншасында иіс тиген.

Кешкісін жуынуға кеткен әке-шешесін іздеп жылаған төрт жасар немересінің даусынан оянған атасы моншаның есігін бұзып ашуға мәжбүр болған. Ес-түссіз жатқан ер адам кіре беріс дәлізден, ал әйелдің жансыз денесі моншаның ішінен табылған. Екеуі де отыздан енді ғана асқан жастар екен. Ер адам есін жимаған қалпында ауруханаға жеткізілген.

Мамандар пештің мұржасы ағаш толық жанып бітпей жабылғандықтан, шаладан шыққан улы газ моншаға жайылған деп отыр. 

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.