ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

Кеше Челябі қаласында Қазақстан және Ресейдің мемлекет басшыларының қатысуымен шекаралас өңірлер арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне арналған 14-ші форум өтті.

Жиынға қатысқан облыс әкімі Құмар Ақсақалов Челябідегі IT-орталықтардың жұмысын ұйымдастыру тәжірибесімен танысты. Сапар барысында Солтүстік Қазақстан және Омбы облыстары арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылып, экономикалық-әлеуметтік дамудың барлық салалары бойынша 2017-2020 жылдарда жүзеге асырылатын нақты шаралар белгіленді.Форумда сөйлеген сөзінде өңір басшысы облыстың Ресеймен сыртқы сауда айналымы биыл өткен жылдағыдан 31 пайыз өскенін мәлімдеді. Ал соңғы бес жылда бірлескен кәсіпорындар саны 40 пайызға көбейіп, бюджетке 20 млрд тенге қаржы түскен. 

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.