ХОР ҰЖЫМДАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ

Петропавлда хор ұжымдарының облыстық фестивалі өткізілді.

Бұл шара Қызылжар өңірінде хор өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Владимир Кардашовты еске алуға арналды. Концерттік бағдарламаға аудандардан және облыс орталығынан құрамында 1200 мүшесі бар 17 хор қатысты. Ал республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, Көкшетау қаласының  «Campanella» балалар хоры фестивальдың құрметті қонағы болды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы фестиваль барысында хор ұжымдары академиялық, халықтық, эстрадалық жанрларда  өнер көрсетті.  

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.