СӘНДІ НӨМІРГЕ СҰРАНЫМ КӨП
Өткен жылы солтүстікқазақстандық автокөлік иелерінің 64-і ерекше сәнді деп есептелетін мемлекеттік нөмірлерге қол жеткізіпті.
Олар сұранымға ие нөмірлерді сатып алу үшін 24 млн.теңге қаржы жұмсаған екен. Өңірдің 10 тұрғыны ең қымбат нөмір белгісі - «001» -ді 500 мың теңгеден сатып алған. Сәнді нөмірлер шетелдік қымбат көліктерге ғана емес, қарапайым автомобильдерге де тағыла бастапты. Мәселен, Есіл ауданының бір тұрғыны 310 мың теңге төлеп, «Нивасына» «888» нөмірін орнатып алыпты.