SMS АРҚЫЛЫ

Қаңтардың 9-нан бастап перзентханада босанған солтүстікқазақстандық әйелдерге «Электрондық үкімет» порталынан құттықтаулар түсіп жатыр.   

Құттықтауға қоса жіберілген ұсыныс бойынша әйелдер  SMS-хабарлама жіберіп, сәбилерінің тууы туралы куәлігін перзентханадан шықпай ресімдей алады. Ұялы байланыс бойынша жіберілген деректерге сәйкес сәбидің құжатын жергілікті Халыққа қызмет көрсету орталығы үш күнде дайын етеді.

Елімізде мұндай электрондық қызмет түрі  өткен жылдың соңында енгізілген болатын. Сондай-ақ, бұдан былай ата-аналарға SMS-хабарлама көмегімен балабақша кезегіне жазылуға, жәрдемақы ресімдеуге де мүмкіндік жасалған.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.