ЖАЛҒАН БОЛЫП ШЫҚТЫ

Тайынша қаласындағы бір дүкенге жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар  төтенше жағдай және полиция қызметкерлерін аяқ астынан әуреге салды.

Дүкеннің іші-сыртын  мұқият тексеру жарылғыш заттың жоқ екеніне көз жеткізді. Ал полицияға телефон арқылы жалған хабар берген Тайынша қаласының  мас тұрғыны болып шықты. 36 жастағы әйел  өзінің неліктен мұндай қадамға барғанын түсіндіре алмаған. Ал қылмыстық заңнама бойынша мұндай «әзілкештер» 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  

Өткен жылы  Қызылжар өңірінде террористік акт туралы дәл осындай жалған ақпарат берудің екі оқиғасы тіркелген екен.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика