ЗАУЫТ АУМАҒЫ ӨРТЕНДІ

Кеше түсте Петропавлдағы бұрынғы Калинин заводына қарасты аумақта үлкен өрт шықты.

Алдымен кәсіпорынның 5 гектардай аумағында қураған шөп күйген. Жалын ұлғая келе бұрын изоляциялық лак сақталатын 2 мың текше метрлік 3 металл ыдысты шарпыған. Өртті сөндіруге он бірдей арнайы көлік тартылып, от 2,5 сағаттан астам уақыт бой бермеген. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша өрт абайсыздықтан болған.  

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика