ҚАРЫЗ КӨБЕЙГЕН

Петропавлдағы бір мыңдай жұмыс беруші міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 3 млн.теңгедей қарыз болып қалыпты. 

Осыған байланысты қазіргі күні 270-тен астам салық төлеушінің үстінен әкімшілік іс қозғалған. Оларға төленбеген соманың 20-50% мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін.ЕліміздеМӘМС жүйесі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі, алайда заңнама бойынша үстіміздегі жылдан бастап жұмыс берушілер бұл қорға өз  қарамағындағы еңбеккерлер үшін ай сайын жалақының 1 % көлемінде жарна аударып отыруға тиіс.Ал жеке тұлғалар, жалдамалы жұмыскерлер, өзін өзі жұмыспен қамтығандар 2020 жылға дейін жарна төлеуден босатылған.

 

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика