ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕШІ

Петропавлда өткен қайырымдылық кеші барысында солтүстікқазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақияновтың спорттық формасы 800 мың теңгеге сатылды.

Ал оның аукционға шығарған сәттегі алғашқы бағасы 50 мың теңге болатын. Бұл дәстүрлі қайырымдылық кеші биыл үшінші рет өткізілді. Оның барысында жиналған қаржы есебінен сырқаты ауыр үш солтүстікқазақстандық балаға көмек көрсетілмекші. Қайырымдылық аукционына қолданбалы қолөнер бұйымдары, зергерлік заттар, жергілікті суретшілердің туындылары, спортшылардың жеке заттары  шығарылған. Осылайша кеш барысында 4,6 миллион теңге қаржы жиналған.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика