ТАҒЫ БІР ҮЙ ҚҰЛАДЫ

Петропавлдың Береке шағынауданында тағы бір үйдің қабырғасы опырылып түсті.

Орал көшесіндегі 3-үй  - өткен ғасырдың 50-ші жылдары тұрғызылған екіқабатты ескі баспаналардың бірі. Осыдан 4 жыл бұрын апатты жағдайда деп танылған екен.  Сегіз пәтерлік үйде бес отбасы күн кешіп жатқан көрінеді. Барлығы да қалалық әкімдікте үй кезегіне тұрған. Қазір  оларға уақытша баспана тауып беру мәселесі қаралып жатыр. Сәуір айында осы маңайдағы бір үйдің қабырғасы да құлап түсіп, тұрғындардың барлығына баспана тауып берілген болатын. Жалпы облыс орталығында құлауға шақ қалған 19 үй анықталған көрінеді.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика