АСТАНАЛЫҚ ӨНЕРПАЗДАРДЫҢ СЫЙЛЫҒЫ

Кеше Петропавлда Астананың мәдениет күндері аясында өткен «Open Air» концертін  7 мыңға жуық көрермен тамашалады.

Облыс орталығының бас алаңында ашық аспан астында отандық эстраданың белгілі өкілдері  2 сағаттық музыкалық-ойын-сауық бағдарламасын ұсынды. Алмас Кішкенбаев, Қайрат Баекенов, Ринат Малцагов сияқты эстрада жұлдыздары,  «Арт-Домбыра», «Формат»   сияқты  танымал вокалдық топтар  солтүстікқазақстандықтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлағаны анық. Астананың 20 жылдығына арналған  мәдени шара барысында екі күн бойы қазақстандық суретшілердің үздік туындыларының көрмесі  жұмыс істеп, Астана қуыршақ театрының қойылымы, елордалық шығармашылық ұжымдардың гала-концерті болды.     

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика