ЖАҒАЖАЙ КЕҢЕЙТІЛІП ЖАТЫР

Петропавлдың іргесіндегі Пестрое көліндегі жағажай аумағы биыл айтарлықтай кеңейіп, жаңарады.

Қазір жағалаудың қамысы шабылып, 21 мың шаршы метр алаң көркейтіліп жатыр. Мұнда жағажай демалысына арналған көлеңкелі шатырлар, душ кабиналары, отырғыштар, шағын сәулет нысандары, балалар алаңдары жабдықталады. Жағажай жанындағы  дәмхана да  жаңартылып, демалушыларға лайықты қызмет көрсетілетін болады.  Демалыс орнын абаттандыру жұмыстарын үстіміздегі айдың соңына дейін аяқтау көзделген.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика