РУЛЬДЕ - МАС ЖҮРГІЗУШІ

Петропавлда №19 бағытта жолаушылар тасымалдайтын автобустардың біреуінің жүргізушісі рульде мас күйде отырғаны анықталды.

 

Таңқаларлығы, 47 жастағы ер адам жүргізуші куәлігінен маусым айында айырылған болып шықты. Мұндай жазалау шарасы мас күйде автобус жүргізгені үшін қолданылған екен. Сонымен қатар қоғамдық көлік те техникалық байқаудан белгіленген уақытта өтпеген көрінеді. Енді автобустың иесі де жауапқа тартылады.  

Облыс аумағында өтіп жатқан «Автобус» шарасының екі күнінде тәртіп сақшылары қоғамдық көлік жүргізіп келе жатып телефонмен сөйлесу, жылдамдықты асыру, техникалық байқаудан өтпеу сияқты  250-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзу фактісін тіркеген.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика