АГАВА БҮР ЖАРДЫ

“Қызылжар” оранжереясында 150 жылда бір гүлдейтін Агава өсімдігі бүр жарды.

Мұны тарихи оқиғаға балаған ботаникалық бақтың қызметкерлері Санкт-Петербургтен жеткізілген бұл өсімдіктің Мексика елінің символы екенін айтады.

– Агаваның қауыз жаруы көп жағдайда ауа-райына байланысты. Енді оның қашан өсіп шығатыны белгісіз. 12 метрге дейін көтерілуі тиіс. Өсімдіктің жақсы өсуі үшін ауа температурасы 20 градус жылы болуы керек. Агаваның бүр жаруы бақта бірінші рет тіркеліп отыр. Оның шырынын, жапырақтарын пайдалануға болады, – деді ботаникалық бақтың қызметкері Наталья Шаль.

Қазір мұнда тропикалық, субтропикалық өсімдіктер мен жеміс ағаштарының – 400, гүлдің 2000-ға жуық түрі бар. Өсімдіктерді күтіп, баптау оңай шаруа емес. 150 жылда бір гүлдейтін өсімдіктің бүр ашуы бақ қызметкерлері үшін қуаныш.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика