ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА ҚОЙЫЛДЫ

Кеше Петропавлда Қайсар Таштитовке ескерткіш тақта орнатылды.

Өткен ғасырдың алғашқы жартысында Қазақстандағы жастар қозғалысының жалынды жетекшілерінің бірі болған Қайсар Таштитов  -  Қызылжар өңірінің тумасы. Петропавлда жастар арасында жұмыс жүргізген, Қазақстан коммунистік жастар одағы орталық комитетінің бірінші хатшысы болған. Алайда сол кездегі көптеген зиялы қауым өкілдері сияқты ол да саяси қуғын-сүргін құрбаны болып, 33 жасында жазықсыз атылған. Ескерткіш тақта Орталық әмбебап дүкен ғимаратының қабырғасына орнатылды. Мұнда өткен ғасырдың басында комсомолдардың губерниялық комитеті орналасқан болатын.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика